3"В" сыныбында "Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі" атты

жоспарлы ашық тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті. Оқушылар әртүрлі интерактивтік әдістер арқылы жағдыаяттық сұрақтарға өз ойларын айтып,қызықты ойындарға белсенді қатысты.

09.04.2022ж. күні «№12 бастауыш мектеп» КММ-де үздік бастауыш сынып мұғалімдерінің клубы кезекті әдістемелік семинарын өткізді. Клубында тәжірибелі ұстаздар жоғары деңгейде әдістемелік сабақтарын өткізді.

Жидебаева М.К әдістемелік сабақ өткізді. Тақырыбы: Оқушылардың әңгімелеу дағдысын қалыптастыру.

09 сәуір күні мектебімізде ата -ана, оқушылармен бірлескен сенбілік өткізілді. Мектеп айналасына жүздеген жеміс ағаштары мен шыршалар отырғызылды. Сенбілік жоғары деңгейде өтті. Мектебіміздің ата-аналарына ризашылығымызды білдіреміз. #сенбілік

7 сәуір - Бүкілдүниежүзілік денсаулық күніне орай және ата-ата-аналарға арналған "Ашық есік" күнінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Абат Бағым, Нурсила Амандыкова, Мирамгуль Джангабилова 3-4 сыныптар арасында "Ата-ана, оқушылармен бірлікте спорттық жаттығулар" флешмобын өткізді.

7 сәуір "Ашық есік" күнінде 4 "Г" сынып жетекшісі Кушкенова Алия ата-аналармен "Отбасы - тәрбие бастауы" тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімдерін көтеру мен отбасы құндылықтарын дұрыс бағалауға көмектесу.

"Ашық есік күні" мектеп, ата-ана, оқушы - үштік одағының бірлігі жарасқан күн. Ата-аналар сабақтарға және мектепте өтіп жатырған іс-шараларға қатысуда.

Сәуір айындағы "Ашық есік күніне" байланысты мектеп психологы Байгасиева Сымбат мектеп, ата-ана, оқушы - үштік одағының бірлігіне байланысты "Ата-ана - бала тәрбиесінің айнасы" тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: Ата-аналардың мектеппен өзара қарым - қатынасын жақсарту, отбасындағы қарым-қатынасты үйлесімді ету, жақсы көңіл-күй тудыру, баланы қолдау және сенімділік атмосферасын қалыптастыру.

Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі Утегенова Гүлнарай Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай "Армысың, әз Наурыз!" тақырыбымен мерекелік тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында балалар "Батырлар" биі, наурызға байланысты тақпақтар айтып, "Бесік" тойдан көрініс көрсетті. Тәрбие сағаты өз дәрежесінде, жақсы өтті.

Баршаңызды Амал мерекесі, көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Жыл мерекелі де берекелі болсын! Ел аман, жұрт тыныш болсын!

Алғыс күнінде 2 "Е" сынып жетекшісі Қайырова Нұрлыханның оқушылармен "Шынайы жүректегі алғыс" тақырыбында өткізген тәрбие сағаты.

Мектебіміздегі мектеп алды даярлық "А", "Ә" тобының жетекшісі Утегенова Гаухар 8 наурыз мерекесіне орай "Ардақты ана, Батыр ана, Ер ана" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Алғыс күніне байланысты 1-4 сыныптарда өткізілген "Алғыс айтудың шексіздігі" тақырыбындағы сынып сағаттары