2-7 ші сынып оқушыларының "Зерде" республикалық зерттеу жобалары конкурсының қалалық кезеңі бойынша мектебіміздің 4ші "Б" сынып оқушылары " Технология, өнер секциясы" бойынша Ахат Әбілмансұр мен Нұржан Айзері I ші орынға ие болды.
Жетекшісі: Аманова Гүлжан Джаумитбайқызы.
№12 бастауыш мектепте 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай "Жас Қыран" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына 3-ші және 4 - ші сыныптардан 49 оқушыны салтанатты түрде қабылдау жиыны өтті.
Жаңаөзен Қалалық Білім Бөлімі
Жаңаөзен қалалық кітапханасына қарасты № 7-ші бөлімшесінің кітапханашылары Кульчикова Гульнара және Калиева Гүлжанат 4-ші "Б" сынып оқушыларымен 16 желтоқсан Тәуелсіздіктің
31 жылдығына орай "Ел бақыты - Тәуелсіздік" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында Тәуелсіздік туралы айтып, қалалық кітапхана қорынан "Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" кітап көрмесін таныстырды.
Тәрбие жұмысының "Театр және балалар" жобасы бойынша мектебімізде 4-ші сыныптар арасында "Театрдың таңғажайып әлемі" тақырыбында ертегілерден көрініс сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: Театрландырылған қойылымдар арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын, қиялын дамыту. Олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын ,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Ертегі қойылымдары арқылы сөздік қорларын байыту,кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге
Мектебіміздің 4-ші "Ә" сыныбының үздік, өнерлі оқушысы Орынтұрлы Жаннұр "Дарындар Alemi" Халықаралық шығармашылық ассоциясының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында өткен ІХ Халықаралық балалар, жасөспірімдер және жастарға арналған "Әр бала - Жұлдыз!" өнер байқауына "Дәстүрлі ән" номинациясы бойынша қатысып бас жүлде
ГРАН ПРИ және І орынмен кубокпен оралды.
Жаннұр өнерің өрлей берсін, жетістіктерің көп болсын!!!
Мектебімізде тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 3-ші сынып оқушылары арасында “Күз аруы-2022” сайысы өтті. Сайысқа барлық 3-ші сыныптардан 9 оқушы қатысты . Сайыс 3 кезеңнен: өзін таныстыру , өз өнері, сән үлгісін көрсету бөлімдерінен өтті.Қорытындысында қатысушыларды орындармен ,номинациялармен марапатталды.
Сайысты жүргізген Шамова Гүлнар.
Мектеп кітапханашылары Қапарбаева Айгүл, Саткулова Мадина 4-ші сыныптар арасында мектепішілік “Үздік оқырман” сайысын өткізді. Сайыс 5 бөлімнен : таныстыру, “Білгенге маржан” сұрақ-жауап,”Тапқыр болсаң ,тауып көр”, “Кім жылдам?”, “Ахмет оқуларынан” өтті. Сайысқа 4-ші сыныптардан 9 оқушы қатысты. Өткізілген 5 кезеңнің қорытындысы бойынша 4”Б” сынып оқушысы Сержан Айзере “Үздік оқырман” номинациясын иеленді. #балаларжылы2022
Мектебіміздің 2-ші "Г" сынып оқушысы шәкіртіміз Нарманұлы Мейірбек “Қала күніне“ орай Жаңаөзен қаласында өткен Қазақ күресінен 2012-2013 ж.т. жасөспірімдер арасында қалалық ашық турнирінде І ші орынға ие болды.
Шәкіртіміз Нарманұлы Мейірбекті жеңісімен құттықтаймыз. Биік белестерді бағындыра беруіңе тілектеспіз.
3”Б”сынып жетекшісі Утесинова Айгул Орынбаевна 25 қазан - Республика күніне орай “Қазақ елі менің-Отаным” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Тәрбие сағатында Егеменді еліміздің дамуы, тәуелсіз Отанымыз туралы мағлұматтар беріп, оқушылар тақпақтар, патриоттық әндер айтып тәрбие сағаты өте жақсы өтті.
2022-2023 оқу жылында мектебімізде сабақтан тыс уақытта "Домбыра дастан", "Тоғызқұмалақ", "Футбол", "Шахмат", "Оқуға құштар" үйірмелері ашылып, жұмыс жасауда.
12 қазан күні мектебіміздің педагог-психологы Уңайбаева Айслу Довлетмурадқызы педагог-психологтар арасында өткізілген қалалық "Менің зерттеу жобам" байқауында І орынға ие болып, 21 қазанда өтетін облыстық байқауға жолдама алды.
Әріптесіміз Уңайбаева Айслуды жетістігімен құттықтап, облыстық сайыстанда жүлделі орын алуына тілек білдіреміз!
Тәрбие жұмысының "Оқуға құштар" жобасы бойынша мектеп кітапханашылары Қапарбаева Айгүл, Саткулова Мадина оқушылардың кітапқа қызығушылығын арттыру мақсатында "Кітап оқу - сән" тақырыбымен оқу сағатын ұйымдастырды. Оқу сағатында оқушыларға кітапхана қорындағы көркем әдебиеттер, ертегілер, орыс тілі, ағылшын тіліндегі жаңа кітаптарды таныстырды.















