1 қыркүйек - Білім күні мерекесіне мектебімізде "Мектебім -мейірім мекені" тақырыбындағы салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиынымызға "Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ басшысының м.а Сақтағанова Кама Атабайқызы және қалалық білім бөліміне қарасты оқу әдістемелік орталығының әдіскері Мурсадова Гулбану Бақбергенқызы қатысып 1 -ші сыныпқа қадам басқан оқушыларды құттықтады.

01маусым 2023ж."№12бастауыш мектеп"КММ-де №5 педагогикалық кеңес өтті.Пед.кеңесте ДОЖЖО: Джубаева А.А. ІҮ тоқсанның жұмыстарының қорытындысы,үлгерім есебі,мектеп еду туралы есеп берді.

“Балаларға махаббат” тақырыбымен 1 маусым балаларды қорғау күнінде мектебіміздегі аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

1 маусым күні мектебімізде бастауышты бітіруші 4-ші сынып оқушыларына 2022-2023 оқу жылын аяқтау жиыны өткізілді. Жиынға ата-аналар, оқушылар, мектеп ұжымы қатысты.

Бастауыш мектепті бітіруші шәкірттерімізге орта буынға аттаған қадамдарына сәттілік,ақ жол тілейміз!

“3-ші сынып оқушыларымен флешмоб” ұйымдастырды.

Дене пәні мұғалімі : Бегенов Абат

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күнімен барлық бүлдіршіндерді құттықтаймыз. Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық болсын!

Әрқашан жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден мейірім кетпесін!

Тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес мектебіміздің 2-ші "А", "Ә" сынып оқушылары қалалық мұражайға саяхаттады.

Сынып жетекшілері Жағалбай Р, Жидебаева М.

24-25-26-шы мамыр күндері мектебімізде 4-ші сыныптардың "Бастауышпен қоштасу" ертеңгіліктері өтті. Бастауыш мектебімізді 4-ші сыныптардан 10 сынып комплектасы бітіргелі отыр. Шәкірттерімізге алдағы орта буын біліміне сәт сапар, ақ жол тілейміз!

24-25-26-шы мамыр күндері мектебімізде 4-ші сыныптардың "Бастауышпен қоштасу" ертеңгіліктері өтті. Бастауыш мектебімізді 4-ші сыныптардан 10 сынып комплектасы бітіргелі отыр. Шәкірттерімізге алдағы орта буын біліміне сәт сапар, ақ жол тілейміз!

Мектебімізде 2-3-4-ші сыныптардан 2022-2023 оқу жылын 122 оқушы үздік біліммен аяқтады. Үздік оқушыларға арналған “Үздіктер шеруі” өткізілді.

18-28 аралығындағы "Қауіпсіз білім беру ұйымы" онкүндігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес 1-4-ші сыныптарда "Жаз айларындағы қауіпсіздік ережелері" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Мамыр айының жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушыларына "Шыншыл бала", "Адал дос" бейне ертегілері көрсетілді. Мақсаты: Оқушылардың бойындағы адамгершілік қасиеттерін дамыту, жауапкершілікке тәрбиелеу,адалдыққа, шыншылдыққа, дұрыс достық қарым-қатынасқа бейімдеу