НООШ №12 НООШ12
"Қатыгездіксіз және зорлық зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" науқанында мектебіміздің инспекторы Ембергенова Қ.М оқушылармен "Жасөспірім және қылмыс" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
НООШ №12 НООШ12
Оқушылардың жол-көлік оқиғаларының алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп инспекторы Ембергенова Қ және жол патрульдік қызметінің мамандары оқушыларға мектеп жанындағы жолдарда түсінік жұмыстарын жүргізді.
Абай өлеңдері бай философиялық, күрескерлік қасиетке ие. Абай атамыз , жылдың 4 мезгіліне арнап өлеңдер жазған.Өлеңде адамдардың бейнеті мен азабы мол ,мал баққан шаруаны ,баянсыз көшпелі ауылды көрсеткен. Табиғатқа жан бітіруге арнаған өлеңдерін ,ұлы Абай өзінің орыс классиктерінен үйренген.
Бұл өлеңдерін ақын 1886 - 1890 жылдар аралығында жазған.
Мектебіміздің 2-ші "Ә,Г" сыныптары және 1-ші “Ә”сыныбының оқушылары облыстық, қалалық спорттық сайыстар мен би жарысынан жүлделі орындармен оралды. Оқушыларымыз биіктен көріне берсін!
4-ші "А" сынып жетекшісі Косниязова Т.А. Біртұтас тәрбие бағдарламасының "Ар-ұят" құндылығы бойынша оқушылармен "Оян, ар мен адалдық" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
3-ші сыныптар арасында "Күз ханшайымы- 2023" сайысы өтті. Сайысқа 3-ші сыныптардан 7 оқушы қатысты. Сайыс 4 бөлімнен өтіп, қатысушылар ұпайларына қарай орындармен марапатталды.
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№12 бастауыш мектеп» КММ-де 2-3-4 сыныптардың 132 оқушыларының арасында өткізілген "Оқушылардың дұрыс тамақтануы"бойынша сауалнаманың АҚПАРАТЫ
НООШ №12 НООШ12
3-ші "Ә" сыныбында өткен "Қазақстаным байтақ мекенім" тақырыбындағы мерекелік тәрбие сағаты. Сынып жетекшісі Жағалбай Р.С.
НООШ №12 НООШ12
25 қазан Республика күніне орай "Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!" тақырыбындағы тәрбие сағатын 2-ші "А" сынып жетекшісі Аманова Г. Д өткізді.
НООШ №12 НООШ12
Оқушылардың күзгі демалысы кезінде жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың және бастауыш сынып оқушыларының түнгі уақытта ата-анасыз көшеде жүрмеуінің алдын алу мақсатында 28-29 қазан күндері территория бойынша "Шұғыла" шағынауданында түсіндірме рейд жұмыстары жүргізілді.



















