Мектеп психологы Уңайбаева А.Д. "Отбасы бақыт - мекені" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

15 мамыр - Отбасы күніне байланысты педагог психолог Темирова Г оқушылармен "Менің отбасым" тақырыбында сурет байқауын өткізді.

12 мамыр күні "№12 бастауыш мектеп" КММ-де (мемлекеттік, жекеменшік) оқу-жаттығулары өтті. Осыған орай, полиция және ТЖ басқармаларымен, АТК қызметкерлерімен бірлесе отырып, мектеп қызметкерлері, оқушылар арасында алгоритмдерге сәйкес нұсқау жүргізіп, эвакуациялау шараларын ұйымдастырды. Техникалық құралдардың (турникет, дабыл түймелері, бейнекамера) жұмыс істеуін тексеру, дабыл түймелері арқылы шақырылған жеке күзет ұйымдарының жедел әрекет етуі тексерілді.

15 мамыр - Отбасы күніне байланысты 4-ші "З" сынып жетекшісі Балмағамбетова Жансауле сыныбымен "Отбасы құндылықтары" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушылардың отбасы,жанұя туралы білімдерін шыңдау, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

3-ші "Ә" сыныбында Жеңіс күніне байланысты "Желбірей бер, Жеңіс туы мәңгілік" тақырыбымен тәрбие сағаты өтті.

Сынып жетекшісі Аронова З.К.

9 мамыр - Ұлы Жеңіс мерекесіне орай мектебімізде жас мамандар арасында "Мен елімнің патриотымын!" тақырыбында патриоттық әндер байқауы өтті. Байқауға 8 жас маман қатысып, орындармен марапатталды.

2-ші "Ж" сынып жетекшісі Көмекова Гүлшат "Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс!" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне байланысты мектебімізде мерекелік тәрбие сағаттары өтуде. Мектеп алды даярлық "Б" тобының жетекшісі Умергалиева Б "Бейбіт күн жасасын әлемде" тақырыбында және 3 -ші "Е" сынып жетекшісі Қыстаубаева Б "Ел тірегі- сарбаздар" тақырыбымен тәрбие сағаттарын өткізді.

7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесіне орай мектебімізде

2-3-ші сыныптардан "Бірыңғай "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымына" 54 оқушы қабылданды.

Жаз маусымындағы судағы қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Такенова А.С. оқушыларға жазғы мезгілде су қауіпсіздігін сақтау ережелері туралы түсіндіріп, жадынамалар таратты.

Мектебіміздің 2-ші "В" сынып оқушылары Нұрболат Махамбет, Қабыл Нұржігіт Жаңаөзен қаласының 55 жылдығына және "1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі" күніне орай бокстан кіші жасөспірімдер арасындағы қалалық ашық турнирде І және ІІ орындарды иеленді. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!