12 мамыр күні "№12 бастауыш мектеп" КММ-де (мемлекеттік, жекеменшік) оқу-жаттығулары өтті. Осыған орай, полиция және ТЖ басқармаларымен, АТК қызметкерлерімен бірлесе отырып, мектеп қызметкерлері, оқушылар арасында алгоритмдерге сәйкес нұсқау жүргізіп, эвакуациялау шараларын ұйымдастырды. Техникалық құралдардың (турникет, дабыл түймелері, бейнекамера) жұмыс істеуін тексеру, дабыл түймелері арқылы шақырылған жеке күзет ұйымдарының жедел әрекет етуі тексерілді.



