Баку қаласында өткен "VICTORU CUP" 1-ші ашық кубогында көркем гимнастикадан жүлделі ІІ орынмен оралды. Осындай дүбірлі байқауда жүлделі орын алып, мектебіміздің мәртебесін көтерген Мунираға өнерің шыңдала берсін дейміз.
3-ші сынып оқушылары арасында жоспарға сәйкес «Біз зиянды заттардан аулақпыз» сурет байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. Зиянды тағамдардың адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру,балалардың денсаулығын алдын алу. Байқауға оқушылар қызығушылықпен, жақсы қатысты. Оқушыларға I-ші, II – ші, III және IV- ші орындар берілді.
4-ші сынып оқушылары арасында "Тату үйдің тамағы тәтті" тақырыбында үйден тамақ дайындау бейне жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа мектебіміздегі 4-ші сыныптардың 10 сыныбынан 10 оқушы қыз балалар қатысты. Қатысушылар үйлерінен дайындаған тамақтарын бейнетаспаға түсіріп, жасалу жолдарын, құрамын айтып қорғады. Қатысушыларға орындар беріліп,марапатталды.
Мектебіміздің 4-ші "Б", "В", "Ж" сынып жетекшілері Анетбаева Т, Нурманова А, Қыдырбаева Ж оқушыларымен Үстірт Мемлекеттік табиғи қорығына экскурсияға барды. Үстірт қорығындағы жануарлар, құстар,өсімдіктерді көріп,ескі жәдігерлерді тамашалады.
Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес мектеп алды даярлық тобының мұғалімдері Атрауова А.Қ, Утегенова Г.Н, Илесова Л.О "Бір реттік ыдыстардың пайдасы мен зияны" тақырыбында шебер сынып өткізді. Шебер сыныпта бір реттік ыдыстардың зияны туралы айтып, пайдасы ретінде мектеп алды даярлық топтарының "Қоршаған орта", "Айналамен таныстыру", "Жапсыру" сабақтарына пайдалануға көрнекіліктер жасап көрсетті.
Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізген «Жыл үздігі-2022» қорытындысы рәсімінде «Құрмет грамотасымен» марапатталдым. 2022жылы жеткен жетістіктерімді (қашықтық сайысты есептемегенде) айтатын болсам:
1.Республикалық «Зерде» конкурсының қалалық кезеңінен 3 оқушым әртүрлі секция бойынша 1—орын, облыстық кезеңінен 1 орын, 3-орын (екеу) республикалық кезеңі бойынша 3 орынға ие болды.
2. Облыстық «Үздік сынып жетекші-2022» номинациясы бойынша «Қарқалы» шипажайы
Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Гүлжан Джаумитбаевна еліміздің болашағы - ойы ұшқыр, білімді парасатты жас дарындарды айқындау мақсатында оқушылардың білімін шыңдап, бәсекеге қабілеттілігін дамытып, интеллектуальды ұрпақ тәрбиелеуде жеткен жетістігі үшін Қалалық білім бөлімінің «Жыл үздігі—2022» рәсімінде Құрмет грамотасымен марапатталды.
Ұжым атынан әріптесімізді құттықтаймыз!
6 қаңтар күні мектебімізде кезекті № 3 педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңес талапқа сай жаңа форматта топқа бөлініп өткізілді. Мектебіміздің әдіскері Кушкенова А.Т. "Сыни тұрғыдан ойлау : дарын әлде дағды ма?" шебер сыныбын., оқу ісінің меңгерушісі Джубаева А.А. "ІІ тоқсанның білім сапасы және үлгерімі" қорытындысы туралы баяндады. Бастауыш сынып мұғалімі Туркменбаева Г.Ж. "Оқушылардың білім сапасын көтеру және оны шешу жолдары" тақырыбымен семинар-сабағын өткізді.
Мектебімізде 04-05.01 күндері "Екі күндік тәжірибе алмасу, әдіс-тәсілдер жәрмеңкесі" тақырыбында мұғалімдер арасында іс-тәжірибе алмасу мақсатында тренинг, коучинг өткізілді. Қазіргі заман талабы - жаңартылған білім беру. Бұл шарада көрсетілген әдістемелер күнделікті жұмыс барысында қолдану мақсатын көздейді. Семинар, коучингте әр түрлі деңгейлерді қолдана отырып тәжірибелерімен бөліскен ұстаздардың сабақтарына жас ұстаздар қызығушылықпен қатысты.
Мектебіміздің 4-ші "Б" сынып оқушылары Ахат Әбілмансур мен Майрам Дияр "2022- Балалар жылы" аясында қалалық дене шынықтыру және спорт орталығының ұйымдастыруымен кіші жасөспірімдер арасында өткізген ашық турнирінде І орынға ие болды.
Сынып жетекшісі Анетбаева Т.А.
Желтоқсан айының 26-27-сі күндері мектебімізде "Қош келдің, Жаңа жыл - жаңа белес, жаңа арман!" жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырылып өткізілді.
Жаңа 2023 - қоян жылы құтты болсын!
Биылғы 2022/2023 оқу жылында республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңінен Ахат Әбілмансұр мен Нұржан Айзере 3 дәрежелі дипломмен марапатталып келді.
Оқушыларым өте жақсы дайындалды. Олардың жаңалықтары жарамсыз қалған ыдыстарды пайдаланып, гипстен ойыншықтар жасау болды. Оқушыларым слайдқа қарамастан 7 минут өз ойларын әңгімелеп тұрды. Технология секциясы әділ өтті ме екен?!















