Мектебімізде 04-05.01 күндері "Екі күндік тәжірибе алмасу, әдіс-тәсілдер жәрмеңкесі" тақырыбында мұғалімдер арасында іс-тәжірибе алмасу мақсатында тренинг, коучинг өткізілді. Қазіргі заман талабы - жаңартылған білім беру. Бұл шарада көрсетілген әдістемелер күнделікті жұмыс барысында қолдану мақсатын көздейді. Семинар, коучингте әр түрлі деңгейлерді қолдана отырып тәжірибелерімен бөліскен ұстаздардың сабақтарына жас ұстаздар қызығушылықпен қатысты.



