Мектеп алды даярлық “Ғ” тобының тәрбиешісі Нұрмұхан Ақерке “Наурыз шуағы” тәрбие сағатын өткізді.
3 ші "ж" сынып жетекшісі Шамова Гулнар "Аналар-асыл жандар" тәрбие сағатын өткізді. Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарын мерекемен құттықтады. Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз-ана.
3ші "Б" сынып жетекшісі Утесинова Айгул "Әнімді анама арнаймын" сынып сағатын өткізді.
1 наурыз - Алғыс күніне байланысты 1-ші "В" сынып жетекшісі Бернепесова Саржан сыныбымен "Алғыс сөздің асылы" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
#Алғыскүні
#1наурыз
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен “ҰСТАЗҒА АЛҒЫС” атты жас мамандар арасында өткен жайдарман сайысында мектебіміздің “Арпа ішінде бір бидай “ командасы III- ші орынмен марапатталды!
4-ші "В" сынып жетекшісі Нұрманова Алтынгүл сыныбымен "Азамат болу - адал жолдан басталады" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту. Тәрбие сағатында адалдық туралы пікір алысу, А.Құнанбаевтың 14-ші қара сөзі, сұрақ-жауап, мақал-мәтелдер, "Білім тамшылары" т.б.тапсырмалар орындалып, соңында "Бақытты балалық шақ" әнімен аяқтады.
Мектебіміздің 4-ші "З" сынып оқушысы Сержан Айзере қалалық оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізген жергілікті ақын Рахат Қосбармақовтың шығармаларын мәнерлеп оқу сайысына қатысып ІІІ орынмен марапатталды. Жетекшісі Балмағамбетова Жансауле.
#оқуғақұштар
Мектебімізде 4-ші сынып оқушылары арасында "Жұмсақ ойыншықтар" тақырыбында қолдан жұмсақ ойыншық жасау көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылар әр түрлі ойыншықтар жасады. Ойыншықтардың көлеміне, жасалу түріне, сапасына қарай орындар беріліп, оқушылар марапатталды.
Әр аптаның дүйсенбі күнінде өткізілетін тәлім сәтінде оқушыларға қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірілді.
#Қауіпсізбілімберуұйымы
Мектебімізде "Қауіпсіз білім беру ұйымы" апталығында оқушы қауіпсіздігіне байланысты ата-аналармен жиналыс өткізілді.
Мектебімізде оқушыларға діни көзқарастарға ақпараттық түсінік беру, теріс діни ағымдарға еліктемеу және алдын алу,террористік сипаттардың қауіптілігін түсіндіру мақсатында Жаңаөзен қалалық Қоғамдық даму орталығының теолог маманы Дабаров Рысбек Азаматұлымен кездесу өткізілді.
Тәрбие жұмысының "Отбасы" бағытының жылдық жоспары бойынша 3-ші "А" сынып жетекшісі Косниязова Толқын Абайқызы ата-аналармен "Отбасы өнегесі - Отан өнегесі" тақырыбында тренинг өткізді. Тренингте бала тәрбиесіне байланысты сұрақ-жауап, жағдаяттан шығу жолдары, аңыз әңгімелер, бала тәрбиесіне байланысты бейнеролик көрсетілді. "Аялы алақан" ойыны ойналды. Тренинг өз дәрежесінде жақсы өтіп, ата-аналар ризашылықтарын білдірді.















