Мектебіміздегі тілдер апталығында 3-ші "Д" сынып жетекшісі Мұстапаева Жанар "Тілім менің - тірлігімнің айғағы" және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Дүйжанова Ұлбосын 3-ші "В" сынып оқушылармен "Тіл -асыл ойдың бұлағы" тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді.
Қазақстан халқы тілдері күніне орай 4-ші сынып оқушылары арасында "Ахмет Байтұрсынов - ұлттың ұлы ұстазы" тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Оқушылар Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін жаттап,мәнерлеп оқыды. Сайысқа барлық 4-ші сыныптан 10 оқушы қатысты.
Мектебімізде Қазақстан халқы тілдері күніне және Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына байланысты іс-шаралар жоспары жасақталып өткізілуде.Соның бірі 4-ші "Б" сынып жетекшісі Анетбаева Тілектестің сыныбымен өткізген "Ахмет - ұлт ұстазы" тақырыбындағы тәрбие сағаты.Тәрбие сағатында Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала беретінін, Ахмет Байтұрсынов рухына мәңгі бас иіп өтетінімізді түсіндірді.
"Отбасы - бақыт мекені" апталығында 4-ші "Д" сынып жетекшісі Адайханова Ұлбалай "Отбасым - өмірлік тұғырым" тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Тәрбие сағатында оқушыларға отбасы құндылығы туралы түсінік беріп, "Менің отбасым" бейнеролигі көрсетілді. Отбасы туралы мақал-мәтелдер,нақыл сөздер, топтық тапсырма орындалып, сұрақ-жауап әдісі және "Аяулы ана" әнін орындады.
Мектебімізде өткізіліп жатырған "Абайлаңыз балалар!" акциясы бойынша тәрбие жөніндегі орынбасары Такенова А.С. және мектеп инспекторы Алибеков Б.Д. 1-ші сынып оқушыларымен "Мектепке барар қауіпсіз жол!" тақырыбында жол ережесіне байланысты мектеп айналасындағы жаяу жүргінші жолымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мектебімізде бастауыш сынып оқушыларымен Маңғыстаулық ұлтжанды зейнеткер,спортшы,еңбек ардагері Қажымұрат Сейілханұлының «Адалдық сағаты» және Ахмет Байтұрсынұлының – адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбындағы «Адалдық сағаты» сынып сағаттары өтті. Сынып сағатына бастауыш сынып оқушылары қатысты. Қажымұрат Сейілханұлының тағылымды өмір жолы туралы айтылды.Спортшының адал еңбегі, жетістіктері туралы бейнеролик көрсетілді.
Мектебімізде өткізіліп жатырған "Абайлаңыз балалар!" республикалық акциясының жол ережесіне "Жол тәртібін сақтайық!" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Мектебімізде 1 қыркүйек - Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынды мектеп директоры Усенова Зауреш Орынбасарқызы ашып
мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-ші сынып оқушыларын, ұстаздарды, ата--аналарды құттықтады. Қалалық білім бөлімінің бала құқығы және тәрбие ісі секторының әдіскері Жақсылықова Жансая Маратқызыда өзінің жақсы тілегімен, жылы лебізін білдірді. Салтанатты жиыннан соң сыныптарда "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
"Желбіре Жеңіс жалауы!" тақырыбындағы тәрбие сағатын 2 "Д" сынып жетекшісі Мұстапаева Жанар өткізді.Тәрбие сағатын "Атамекен" әнімен бастап, "Жойылсын соғыс" әні, "Катюша" биі, әндер,тақпақтар айтылды.
3 "А" сынып жетекшісі Джайлыбаева Нина Жеңіс күніне орай "Бейбіт күн жасасын әлемде!" тақырыбымен тәрбие сағатын өткізді. Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстандық батырлар, 28 Панфиловшылар дивизиясы туралы әңгімелеп, оқушылар тақпақтар мен әндер айтты.
1 "Д" сыныбында "Ұлы Жеңіс жасасын! тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатында оқушылар Жеңіс күніне тақпақтар,әндер айтып, би биледі. Сынып жетекшісі Оспанова Алтынай.














