Мектеп алды даярлық "Г" тобында 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне байланысты "Еркін елдің ұланымыз" атты тәрбие сағаты өтті.

Алға Қазақ жігіттері,

Сенім артқан, жансын халық үміттері.

Көк аспанда, желбіресін көк байрағым,

Жаса мәңгі қазағымның жігіттері!

1-ші "Ж" сынып жетекшісі Көмекова Гүлшат оқушылармен "Ұрпаққа ұран болған - Ұлы Жеңіс" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. тәрбие сағатында оқушыларға Ұлы Жеңіс туралы түсінік беріп, оқушылар тақпақтар,әндер айтып, ұлдар"Сарбаздар", қыздар "Катюша"билерін биледі. Тәрбие сағаты өте жақсы деңгейде өтті.

9 мамыр - Жеңіс күніне байланысты 4-ші сыныптар арасында "Жырлаймыз Ұлы Жеңісті" тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа 4-ші сыныптардан 8 оқушы қатысып, Ұлы Жеңіс тақырыбындағы өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Соңында ұпай сандарына қарай орындармен марапатталды.

Алға Қазақ жігіттері,

Сенім артқан, жансын халық үміттері.

Көк аспанда, желбіресін көк байрағым,

Жаса мәңгі қазағымның жігіттері!

"Жарқыра, жаса, Жас маман!" апталығында 1-ші "Ж”сынып жетекшісі Комекова Гулшат “Құстар біздің досымыз “ тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты: Табиғатты аялауға, мейрімділік , қамқорлық жасауға үйрету.

1 мамыр - Халықаралық ынтымақ,бірлік,достық күніне байланысты мектебімізде 3-ші сынып оқушылары арасында "Халықтар бірлігі" тақырыбында әр ұлттың билерінен сайыс ұйымдастырылып өткізілді. Сайысқа 3-ші сыныптардан 10 оқушы қатысып, орындармен марапатталды.

1 мамыр бірлік күніне 3 -ші "Ж" сыныбында жетекшісі Қыдырбаева Жазира "Ынтымақ - бірлік кепілі" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында оқушылар ынтымақ, достық, бірлікке байланысты тақпақтар, "Мереке","Әрқашан күн сөнбесін" әнін, ұлттық киіммен әр ұлттық билерін билеп тәрбие сағатын мерекеге сай көңілді өткізді.

1 мамыр мерекесіне орай 1-ші "В" сынып жетекшісі Көмекова Жанар "Ынтымағы жарасқан көпұлтты Қазақстан" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында оқушыларды топқа бөліп, бірлік,ынтымаққа байланысты тақпақтар,әндер айтып, "Жұбын тап" ойынын ойнатты,туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер айтты.

"Жарқыра, жаса, Жас маман!" онкүндігінің ашылуы.

Мақсаты: жас маманның теориялық білім , білігін практикамен ұштастырып, кәсіби шеберлігін шыңдауға ықпал ету.

12 сәуір - Ғарышкерлер күніне байланысты 1-ші "Е" сынып жетекшісі Түркменбаева Гүлмира "Ғарыш әлемі" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік беріп, алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкерлер туралы , қазақтың ғарышкерлерін таныстырды. Ғаламшарлардың Күн жүйесіне орналасуы, сұрақ-жауап, анаграмма, топтық ,сәйкестендіру тапсырмалары орындалды.

Мектеп алды даярлық "В" тобының тәрбиешісі Атрауова Алияның "Ұлт бірлігі - ұлы байлық" тақырыбындағы тәрбие сағатынан көрініс. Тәрбиеленушілер әр ұлттың киімдерін киіп, тақпақтар,әндер айтып, "Достық" биін биледі. Тәрбие сағаты өз дәрежесінде жақсы өтті.