1 мамыр мерекесінің іс-шаралар жоспарына сәйкес 2-ші сыныптар арасында "Татулық, бірлік, ынтымақ" тақырыбымен әр ұлттың билерінен сайыс өткізілді. Сайысқа 2-ші сынып оқушылары қатысып, орындармен марапатталды.

1 мамыр - Қазақстан халықтар достығы мерекесіне байланысты 1-ші "А" сынып жетекшісі Аманова Гүлжан сыныбымен "Ынтымақ - бірлік кепілі" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында мерекелік әндер,тақпақтар айтып, ұлттық билер билеп тәрбиелік мәні бар "Бірлік" көрінісі, "Шаңырақ" ойыны ойналып ,әр ұлттың тағамдары ,жасалу жолдары көрсетілді. Тәрбие сағаты өз деңгейінде жақсы өтті.

27.03 - 10.04 аралығында "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" республикалық акциясына байланысты мектеп инспекторы Алибеков Б.Д. оқушылармен жол ережесіне, қауіпсіздігіне бейнелі түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

"Менің жас досым!
Есіңізде болсын: ашық терезелер, балкон - сіздің денсаулығыңызға және тіпті өміріңізге қауіпті!

Мектебіміздің ардақты да аяулы ұстазы Анетбаева Тлектес Аткелтировнаға мерекеге орай ҚР Оқу ағарту министрінің құттықтау ашық хаты табысталды. Көктемнің осынау шырайлы мерекесі қызметіңізге табыс,жанұяңызға жақсылық әкелсін.

Ағымдағы жылғы 1 -ші сәуірден бастап 2023-2024 оқу жылына 1 -ші сыныпқа құжат қабылдау басталды!

24-ші наурыз күні №12бастауыш мектеп КММ-де 4-ші педагогикалық кеңес өтті.

Тақырыбы:"Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер қоржыны"

25-ші наурыз күні мектеп ұжымы мектеп айналысына сенбілік жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда жер сыпыру ,қоқыстарды жинау ,мектеп ауласындағы ағаштардың түптерін қопсытып ,жан-жағын тазартылды.Шарбақтың іші сыртына түгелдей тазалық жұмыстарын жүргізді.Перилалар сырланды. Сенбілік алдағы апталарда жалғасын табатын болады.

Бұл сайлаудың маңызы ерекше,өйткені біз еліміздің тағдырын,келешек дамуын бүгінгі қалауымызбен байланыстыра аламыз.Еліміздің тұрақты ілгерілеуі,күшті де қуатты мемлекеттің өркендей беруі үшін дауыс береміз.Республикамыздың одан әрі гүлденіп,жан-жақты дамуы үшін барлығымыздың бірлігіміз,ынтымақтастығымыз керек.Қазақстан Республикасының одан әрі гүлденуін тілейміз!

3-ші “Д” сынып жетекшісі Саргулова Асылхан сынып оқушыларымен мерекелік “Наурыз думан” тәрбие сағатын өткізді.

Баршаңызды Амал мерекесі, көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Жыл мерекелі де берекелі болсын! Ел аман, жұрт тыныш болсын!