1 қыркүйек - Білім күні мерекесіне мектебімізде "Мектебім -мейірім мекені" тақырыбындағы салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиынымызға "Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ басшысының м.а Сақтағанова Кама Атабайқызы және қалалық білім бөліміне қарасты оқу әдістемелік орталығының әдіскері Мурсадова Гулбану Бақбергенқызы қатысып 1 -ші сыныпқа қадам басқан оқушыларды құттықтады.
Салтанатты шарада білім ордасына енді ғана қадам басқан бірінші сынып оқушыларының өлеңдері айтылып, өнерпаздар әннен шашу шашып, алғашқы қоңырау соғылды. Шара соңы танымдық "Мектебім-мейірім мекені” тақырыбындағы сынып сағаттарымен жалғасты.
Баршаңызды 1 қыркүйек - Білім күнімен құттықтаймыз!



