Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі Утегенова Гүлнарай Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай "Армысың, әз Наурыз!" тақырыбымен мерекелік тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында балалар "Батырлар" биі, наурызға байланысты тақпақтар айтып, "Бесік" тойдан көрініс көрсетті. Тәрбие сағаты өз дәрежесінде, жақсы өтті.

Наурыз мерекесіне 2 "А" сынып жетекшісі Косниязова Толқын сыныбымен "Наурыз - құт,береке бастауы" тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Тәрбие сағатында Қыдыр атамен Күн қонаққа келіп, оқушылар ән айтып, би билеп, Қыдыр атаның сұрақтарына жауап берді. Қыз бен жігіт айтысы, әженің дайындаған наурыз көжесі, наурызға байланысты әндер айтылды. Тәрбие сағаты жақсы өтті.

Мектебімізде 3-ші сыныптар арасында "Көктем аруы - 2022" байқауы өткізілді. байқауға 3-ші сыныптардан 7 оқушы қатысты. Байқау 4 кезеңнен өтті : Таныстыру, өз өнері, "Анамның сүйікті асы" және сән үлгісі. Оқушылар барлық кезеңдерге өте жақсы дайындалған. Соңында оқушылар номинациялармен марапатталды.

19.03.2022 ж Мектебімізде "Қазақтың келіндер-ай!" келіндер сайысы өткізілді. байқауға 5 жас келіндер қатысты. Байқау 4 кезеңнен өтті : Таныстыру, өз өнері, сұрақ жауап, нан жаю. Жас келіндер барлық кезеңдерге өте жақсы дайындалған. Соңында номинациялармен марапатталды.

20.02.23 13 20.02.23 13 20.02.23 13 20.02.23 13 20.02.23 13 20.02.23 13 20.02.23 13 20.02.23 13 20.02.23 13 20.02.23 13 20.02.23 13 20.02.23 13 20.02.23 13 20.02.23 13 20.02.23 13 20.02.23 13 20.02.23 13