Сәуір айындағы "Ашық есік күніне" байланысты мектеп психологы Байгасиева Сымбат мектеп, ата-ана, оқушы - үштік одағының бірлігіне байланысты "Ата-ана - бала тәрбиесінің айнасы" тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: Ата-аналардың мектеппен өзара қарым - қатынасын жақсарту, отбасындағы қарым-қатынасты үйлесімді ету, жақсы көңіл-күй тудыру, баланы қолдау және сенімділік атмосферасын қалыптастыру.
1 сәуір - Құстар күніне орай мектебімізде мектеп алды даярлық тобы тәрбиеленушілеріне "Құстар - біздің досымыз" тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Құстардың түрлері таныстырылып, қоректенуі, өмір сүру дағдылары таныстырылды. 3-ші сыныптар арасында Усенбаева Маржан "Құстар - қанатты достар" тақырыбымен сурет көрмесін ұйымдастырды.



