"Абайлаңыз балалар!"
Мектебімізде өткізіліп жатырған "Абайлаңыз балалар!" республикалық акциясының жол ережесіне "Жол тәртібін сақтайық!" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Мектебімізде 1 қыркүйек
Мектебімізде 1 қыркүйек - Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынды мектеп директоры Усенова Зауреш Орынбасарқызы ашып
мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-ші сынып оқушыларын, ұстаздарды, ата--аналарды құттықтады. Қалалық білім бөлімінің бала құқығы және тәрбие ісі секторының әдіскері Жақсылықова Жансая Маратқызыда өзінің жақсы тілегімен, жылы лебізін білдірді. Салтанатты жиыннан соң сыныптарда "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
"Желбіре Жеңіс жалауы!"
"Желбіре Жеңіс жалауы!" тақырыбындағы тәрбие сағатын 2 "Д" сынып жетекшісі Мұстапаева Жанар өткізді.Тәрбие сағатын "Атамекен" әнімен бастап, "Жойылсын соғыс" әні, "Катюша" биі, әндер,тақпақтар айтылды.
"Бейбіт күн жасасын әлемде!"
3 "А" сынып жетекшісі Джайлыбаева Нина Жеңіс күніне орай "Бейбіт күн жасасын әлемде!" тақырыбымен тәрбие сағатын өткізді. Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстандық батырлар, 28 Панфиловшылар дивизиясы туралы әңгімелеп, оқушылар тақпақтар мен әндер айтты.
1 "Д" сыныбында "Ұлы Жеңіс жасасын! тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді
1 "Д" сыныбында "Ұлы Жеңіс жасасын! тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатында оқушылар Жеңіс күніне тақпақтар,әндер айтып, би биледі. Сынып жетекшісі Оспанова Алтынай.
"Еркін елдің ұланымыз"
Мектеп алды даярлық "Г" тобында 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне байланысты "Еркін елдің ұланымыз" атты тәрбие сағаты өтті.
"7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесі"
Алға Қазақ жігіттері,
Сенім артқан, жансын халық үміттері.
Көк аспанда, желбіресін көк байрағым,
Жаса мәңгі қазағымның жігіттері!
"Ұрпаққа ұран болған - Ұлы Жеңіс"
1-ші "Ж" сынып жетекшісі Көмекова Гүлшат оқушылармен "Ұрпаққа ұран болған - Ұлы Жеңіс" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. тәрбие сағатында оқушыларға Ұлы Жеңіс туралы түсінік беріп, оқушылар тақпақтар,әндер айтып, ұлдар"Сарбаздар", қыздар "Катюша"билерін биледі. Тәрбие сағаты өте жақсы деңгейде өтті.
"Жырлаймыз Ұлы Жеңісті"
9 мамыр - Жеңіс күніне байланысты 4-ші сыныптар арасында "Жырлаймыз Ұлы Жеңісті" тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа 4-ші сыныптардан 8 оқушы қатысып, Ұлы Жеңіс тақырыбындағы өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Соңында ұпай сандарына қарай орындармен марапатталды.
"7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесі"
Алға Қазақ жігіттері,
Сенім артқан, жансын халық үміттері.
Көк аспанда, желбіресін көк байрағым,
Жаса мәңгі қазағымның жігіттері!
"Жарқыра, жаса, Жас маман!"
"Жарқыра, жаса, Жас маман!" апталығында 1-ші "Ж”сынып жетекшісі Комекова Гулшат “Құстар біздің досымыз “ тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Табиғатты аялауға, мейрімділік , қамқорлық жасауға үйрету.
"Халықтар бірлігі"
1 мамыр - Халықаралық ынтымақ,бірлік,достық күніне байланысты мектебімізде 3-ші сынып оқушылары арасында "Халықтар бірлігі" тақырыбында әр ұлттың билерінен сайыс ұйымдастырылып өткізілді. Сайысқа 3-ші сыныптардан 10 оқушы қатысып, орындармен марапатталды.



