Мектебіміздің 2-ші "Г" сынып оқушысы шәкіртіміз Нарманұлы Мейірбек “Қала күніне“ орай Жаңаөзен қаласында өткен Қазақ күресінен 2012-2013 ж.т. жасөспірімдер арасында қалалық ашық турнирінде І ші орынға ие болды.

Шәкіртіміз Нарманұлы Мейірбекті жеңісімен құттықтаймыз. Биік белестерді бағындыра беруіңе тілектеспіз.

3”Б”сынып жетекшісі Утесинова Айгул Орынбаевна 25 қазан - Республика күніне орай “Қазақ елі менің-Отаным” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Тәрбие сағатында Егеменді еліміздің дамуы, тәуелсіз Отанымыз туралы мағлұматтар беріп, оқушылар тақпақтар, патриоттық әндер айтып тәрбие сағаты өте жақсы өтті.

2022-2023 оқу жылында мектебімізде сабақтан тыс уақытта "Домбыра дастан", "Тоғызқұмалақ", "Футбол", "Шахмат", "Оқуға құштар" үйірмелері ашылып, жұмыс жасауда.

12 қазан күні мектебіміздің педагог-психологы Уңайбаева Айслу Довлетмурадқызы педагог-психологтар арасында өткізілген қалалық "Менің зерттеу жобам" байқауында І орынға ие болып, 21 қазанда өтетін облыстық байқауға жолдама алды.

Әріптесіміз Уңайбаева Айслуды жетістігімен құттықтап, облыстық сайыстанда жүлделі орын алуына тілек білдіреміз!

Тәрбие жұмысының "Оқуға құштар" жобасы бойынша мектеп кітапханашылары Қапарбаева Айгүл, Саткулова Мадина оқушылардың кітапқа қызығушылығын арттыру мақсатында "Кітап оқу - сән" тақырыбымен оқу сағатын ұйымдастырды. Оқу сағатында оқушыларға кітапхана қорындағы көркем әдебиеттер, ертегілер, орыс тілі, ағылшын тіліндегі жаңа кітаптарды таныстырды.

1 қазан - Қарттар күніне орай 4-ші "Г" сынып жетекшісі Максимова Гүлсінай оқушылармен бірге қаламыздың тұрғыны Нургазинова Джаус әжейге барып, әңгімелесіп, қарттар күнімен құттықтап, әжей өмірінің қызықты сәттерін айтып оқушыларға ризашылығын білдірді.

23.02.23 14 23.02.23 14 23.02.23 14 23.02.23 14

Ұстаздар мерекесіне орай мұғалімдер арасында волейболдан мектепішілік турнир өтті. Турнирге "Бірлік", "Сұңқарлар", "Қыран" командалары қатысып І орынға "Сұңқарлар" командасы, ІІ орынға "Бірлік" командасы, ІІІ орынға "Қыран" командасы ие болып кубокпен, грамоталармен марапатталды. Жарыс өте әсерлі өтті.

№ 12 бастауыш мектепте "Ұстаз - ең мейірлі тұлға" тақырыбында, мектебімізде ұзақ жылдар ұстаздық қызмет еткен ардагер ұстаздарымызбен кездесу өтті. Ардагер ұстаздарға мектебіміздің жас мамандары, оқушылар өз тілектерін білдірді. Ардагер ұстаздар өз кезегінде педагогикалық еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісіп, ұжымға алғысын білдірді.

Мектебіміздің 4-ші "Ғ" сынып оқушысы Қалмұратқызы Айару "Балалар әлемі" жобасы шеңберінде өткізілген республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңінде ІV орын дипломымен марапатталды.

Айару, өнерің өрлей берсін!

#Балаларжылы2022жыл

Мектебімізде Қазақстан халқы тілдері күніне және Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына байланысты іс-шаралар жоспары жасақталып өткізілуде. Соның бірі 2-ші "А" сынып жетекшісі Қосниязова Толқын оқушыларға "Алаштың ардағы-Ахмет" фильмін көрсетті. Фильмнің негізгі идеясы ретінде Ахмет Байтұрсынұлының: «Бай болу үшін кәсіп қылу керек, білімді болу үшін оқу керек, күшті болу үшін бірлік керек һәм осы керектердің жолында әрекет қылу керек» деген әйгілі сөзінің мағынасын

Мектебіміздің 2-ші "Г" сынып оқушысы шәкіртіміз Нарманұлы Мейірбек Жаңаөзен қаласында өткен Самбо күресінен 2008-2009 және 2011-2012 ж.т. жасөспірімдер арасында Республикалық ашық турнирінде І орынға және Жаңаөзен қаласының дзюдо күресінен 2010-2011,2012-2014, 2015-2016 ж.т. жасөспірім ұл қыздар арасындағы қалалық ашық турнирінде 23 кг салмақта ІІ орынға ие болды.