"Жұмсақ ойыншықтар"
Мектебімізде 4-ші сынып оқушылары арасында "Жұмсақ ойыншықтар" тақырыбында қолдан жұмсақ ойыншық жасау көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылар әр түрлі ойыншықтар жасады. Ойыншықтардың көлеміне, жасалу түріне, сапасына қарай орындар беріліп, оқушылар марапатталды.
Әр аптаның дүйсенбі күнінде өткізілетін тәлім сәтінде оқушыларға қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірілді
Әр аптаның дүйсенбі күнінде өткізілетін тәлім сәтінде оқушыларға қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірілді.
#Қауіпсізбілімберуұйымы
"Қауіпсіз білім беру ұйымы"
Мектебімізде "Қауіпсіз білім беру ұйымы" апталығында оқушы қауіпсіздігіне байланысты ата-аналармен жиналыс өткізілді.
Мектебімізде оқушыларға діни көзқарастарға ақпараттық түсінік беру
Мектебімізде оқушыларға діни көзқарастарға ақпараттық түсінік беру, теріс діни ағымдарға еліктемеу және алдын алу,террористік сипаттардың қауіптілігін түсіндіру мақсатында Жаңаөзен қалалық Қоғамдық даму орталығының теолог маманы Дабаров Рысбек Азаматұлымен кездесу өткізілді.
Тәрбие жұмысының "Отбасы"
Тәрбие жұмысының "Отбасы" бағытының жылдық жоспары бойынша 3-ші "А" сынып жетекшісі Косниязова Толқын Абайқызы ата-аналармен "Отбасы өнегесі - Отан өнегесі" тақырыбында тренинг өткізді. Тренингте бала тәрбиесіне байланысты сұрақ-жауап, жағдаяттан шығу жолдары, аңыз әңгімелер, бала тәрбиесіне байланысты бейнеролик көрсетілді. "Аялы алақан" ойыны ойналды. Тренинг өз дәрежесінде жақсы өтіп, ата-аналар ризашылықтарын білдірді.
Мектебіміздің 3-ші "А" сынып оқушысы Құралбай Мунира
Баку қаласында өткен "VICTORU CUP" 1-ші ашық кубогында көркем гимнастикадан жүлделі ІІ орынмен оралды. Осындай дүбірлі байқауда жүлделі орын алып, мектебіміздің мәртебесін көтерген Мунираға өнерің шыңдала берсін дейміз.
«Біз зиянды заттардан аулақпыз»
3-ші сынып оқушылары арасында жоспарға сәйкес «Біз зиянды заттардан аулақпыз» сурет байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. Зиянды тағамдардың адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру,балалардың денсаулығын алдын алу. Байқауға оқушылар қызығушылықпен, жақсы қатысты. Оқушыларға I-ші, II – ші, III және IV- ші орындар берілді.
Тәрбие жұмысының ұлттық бағытындағы жоспары бойынша
4-ші сынып оқушылары арасында "Тату үйдің тамағы тәтті" тақырыбында үйден тамақ дайындау бейне жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа мектебіміздегі 4-ші сыныптардың 10 сыныбынан 10 оқушы қыз балалар қатысты. Қатысушылар үйлерінен дайындаған тамақтарын бейнетаспаға түсіріп, жасалу жолдарын, құрамын айтып қорғады. Қатысушыларға орындар беріліп,марапатталды.
Мектебіміздің 4-ші "Б", "В", "Ж" сынып жетекшілері
Мектебіміздің 4-ші "Б", "В", "Ж" сынып жетекшілері Анетбаева Т, Нурманова А, Қыдырбаева Ж оқушыларымен Үстірт Мемлекеттік табиғи қорығына экскурсияға барды. Үстірт қорығындағы жануарлар, құстар,өсімдіктерді көріп,ескі жәдігерлерді тамашалады.
"Бір реттік ыдыстардың пайдасы мен зияны"
Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес мектеп алды даярлық тобының мұғалімдері Атрауова А.Қ, Утегенова Г.Н, Илесова Л.О "Бір реттік ыдыстардың пайдасы мен зияны" тақырыбында шебер сынып өткізді. Шебер сыныпта бір реттік ыдыстардың зияны туралы айтып, пайдасы ретінде мектеп алды даярлық топтарының "Қоршаған орта", "Айналамен таныстыру", "Жапсыру" сабақтарына пайдалануға көрнекіліктер жасап көрсетті.
«Жыл үздігі-2022»
Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізген «Жыл үздігі-2022» қорытындысы рәсімінде «Құрмет грамотасымен» марапатталдым. 2022жылы жеткен жетістіктерімді (қашықтық сайысты есептемегенде) айтатын болсам:
1.Республикалық «Зерде» конкурсының қалалық кезеңінен 3 оқушым әртүрлі секция бойынша 1—орын, облыстық кезеңінен 1 орын, 3-орын (екеу) республикалық кезеңі бойынша 3 орынға ие болды.
2. Облыстық «Үздік сынып жетекші-2022» номинациясы бойынша «Қарқалы» шипажайы
Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Гүлжан Джаумитбаевна еліміздің болашағы
Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Гүлжан Джаумитбаевна еліміздің болашағы - ойы ұшқыр, білімді парасатты жас дарындарды айқындау мақсатында оқушылардың білімін шыңдап, бәсекеге қабілеттілігін дамытып, интеллектуальды ұрпақ тәрбиелеуде жеткен жетістігі үшін Қалалық білім бөлімінің «Жыл үздігі—2022» рәсімінде Құрмет грамотасымен марапатталды.
Ұжым атынан әріптесімізді құттықтаймыз!



