Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі Утегенова Гүлнарай Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай "Армысың, әз Наурыз!" тақырыбымен мерекелік тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында балалар "Батырлар" биі, наурызға байланысты тақпақтар айтып, "Бесік" тойдан көрініс көрсетті. Тәрбие сағаты өз дәрежесінде, жақсы өтті.

Баршаңызды Амал мерекесі, көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Жыл мерекелі де берекелі болсын! Ел аман, жұрт тыныш болсын!

Алғыс күнінде 2 "Е" сынып жетекшісі Қайырова Нұрлыханның оқушылармен "Шынайы жүректегі алғыс" тақырыбында өткізген тәрбие сағаты.

Мектебіміздегі мектеп алды даярлық "А", "Ә" тобының жетекшісі Утегенова Гаухар 8 наурыз мерекесіне орай "Ардақты ана, Батыр ана, Ер ана" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Алғыс күніне байланысты 1-4 сыныптарда өткізілген "Алғыс айтудың шексіздігі" тақырыбындағы сынып сағаттары