24-25-26-шы мамыр күндері мектебімізде 4-ші сыныптардың "Бастауышпен қоштасу" ертеңгіліктері өтті. Бастауыш мектебімізді 4-ші сыныптардан 10 сынып комплектасы бітіргелі отыр. Шәкірттерімізге алдағы орта буын біліміне сәт сапар, ақ жол тілейміз!

24-25-26-шы мамыр күндері мектебімізде 4-ші сыныптардың "Бастауышпен қоштасу" ертеңгіліктері өтті. Бастауыш мектебімізді 4-ші сыныптардан 10 сынып комплектасы бітіргелі отыр. Шәкірттерімізге алдағы орта буын біліміне сәт сапар, ақ жол тілейміз!

Мектебімізде 2-3-4-ші сыныптардан 2022-2023 оқу жылын 122 оқушы үздік біліммен аяқтады. Үздік оқушыларға арналған “Үздіктер шеруі” өткізілді.

18-28 аралығындағы "Қауіпсіз білім беру ұйымы" онкүндігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес 1-4-ші сыныптарда "Жаз айларындағы қауіпсіздік ережелері" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Мамыр айының жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушыларына "Шыншыл бала", "Адал дос" бейне ертегілері көрсетілді. Мақсаты: Оқушылардың бойындағы адамгершілік қасиеттерін дамыту, жауапкершілікке тәрбиелеу,адалдыққа, шыншылдыққа, дұрыс достық қарым-қатынасқа бейімдеу

Мектеп психологы Уңайбаева А.Д. "Отбасы бақыт - мекені" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

15 мамыр - Отбасы күніне байланысты педагог психолог Темирова Г оқушылармен "Менің отбасым" тақырыбында сурет байқауын өткізді.

12 мамыр күні "№12 бастауыш мектеп" КММ-де (мемлекеттік, жекеменшік) оқу-жаттығулары өтті. Осыған орай, полиция және ТЖ басқармаларымен, АТК қызметкерлерімен бірлесе отырып, мектеп қызметкерлері, оқушылар арасында алгоритмдерге сәйкес нұсқау жүргізіп, эвакуациялау шараларын ұйымдастырды. Техникалық құралдардың (турникет, дабыл түймелері, бейнекамера) жұмыс істеуін тексеру, дабыл түймелері арқылы шақырылған жеке күзет ұйымдарының жедел әрекет етуі тексерілді.

15 мамыр - Отбасы күніне байланысты 4-ші "З" сынып жетекшісі Балмағамбетова Жансауле сыныбымен "Отбасы құндылықтары" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушылардың отбасы,жанұя туралы білімдерін шыңдау, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

3-ші "Ә" сыныбында Жеңіс күніне байланысты "Желбірей бер, Жеңіс туы мәңгілік" тақырыбымен тәрбие сағаты өтті.

Сынып жетекшісі Аронова З.К.

9 мамыр - Ұлы Жеңіс мерекесіне орай мектебімізде жас мамандар арасында "Мен елімнің патриотымын!" тақырыбында патриоттық әндер байқауы өтті. Байқауға 8 жас маман қатысып, орындармен марапатталды.

2-ші "Ж" сынып жетекшісі Көмекова Гүлшат "Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс!" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.