24-ші наурыз күні №12бастауыш мектеп КММ-де 4-ші педагогикалық кеңес өтті.

Тақырыбы:"Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер қоржыны"

25-ші наурыз күні мектеп ұжымы мектеп айналысына сенбілік жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда жер сыпыру ,қоқыстарды жинау ,мектеп ауласындағы ағаштардың түптерін қопсытып ,жан-жағын тазартылды.Шарбақтың іші сыртына түгелдей тазалық жұмыстарын жүргізді.Перилалар сырланды. Сенбілік алдағы апталарда жалғасын табатын болады.

Бұл сайлаудың маңызы ерекше,өйткені біз еліміздің тағдырын,келешек дамуын бүгінгі қалауымызбен байланыстыра аламыз.Еліміздің тұрақты ілгерілеуі,күшті де қуатты мемлекеттің өркендей беруі үшін дауыс береміз.Республикамыздың одан әрі гүлденіп,жан-жақты дамуы үшін барлығымыздың бірлігіміз,ынтымақтастығымыз керек.Қазақстан Республикасының одан әрі гүлденуін тілейміз!

3-ші “Д” сынып жетекшісі Саргулова Асылхан сынып оқушыларымен мерекелік “Наурыз думан” тәрбие сағатын өткізді.

Баршаңызды Амал мерекесі, көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Жыл мерекелі де берекелі болсын! Ел аман, жұрт тыныш болсын!

Мектеп алды даярлық “Ғ” тобының тәрбиешісі Нұрмұхан Ақерке “Наурыз шуағы” тәрбие сағатын өткізді.

3 ші "ж" сынып жетекшісі Шамова Гулнар "Аналар-асыл жандар" тәрбие сағатын өткізді. Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарын мерекемен құттықтады. Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз-ана.

3ші "Б" сынып жетекшісі Утесинова Айгул "Әнімді анама арнаймын" сынып сағатын өткізді.

1 наурыз - Алғыс күніне байланысты 1-ші "В" сынып жетекшісі Бернепесова Саржан сыныбымен "Алғыс сөздің асылы" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

#Алғыскүні

#1наурыз

Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен “ҰСТАЗҒА АЛҒЫС” атты жас мамандар арасында өткен жайдарман сайысында мектебіміздің “Арпа ішінде бір бидай “ командасы III- ші орынмен марапатталды!

4-ші "В" сынып жетекшісі Нұрманова Алтынгүл сыныбымен "Азамат болу - адал жолдан басталады" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту. Тәрбие сағатында адалдық туралы пікір алысу, А.Құнанбаевтың 14-ші қара сөзі, сұрақ-жауап, мақал-мәтелдер, "Білім тамшылары" т.б.тапсырмалар орындалып, соңында "Бақытты балалық шақ" әнімен аяқтады.

Мектебіміздің 4-ші "З" сынып оқушысы Сержан Айзере қалалық оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізген жергілікті ақын Рахат Қосбармақовтың шығармаларын мәнерлеп оқу сайысына қатысып ІІІ орынмен марапатталды. Жетекшісі Балмағамбетова Жансауле.

#оқуғақұштар