7 мамыр - Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне байланысты мектебімізде мерекелік тәрбие сағаттары өтуде. Мектеп алды даярлық "Б" тобының жетекшісі Умергалиева Б "Бейбіт күн жасасын әлемде" тақырыбында және 3 -ші "Е" сынып жетекшісі Қыстаубаева Б "Ел тірегі- сарбаздар" тақырыбымен тәрбие сағаттарын өткізді.

7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесіне орай мектебімізде

2-3-ші сыныптардан "Бірыңғай "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымына" 54 оқушы қабылданды.

Жаз маусымындағы судағы қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Такенова А.С. оқушыларға жазғы мезгілде су қауіпсіздігін сақтау ережелері туралы түсіндіріп, жадынамалар таратты.

Мектебіміздің 2-ші "В" сынып оқушылары Нұрболат Махамбет, Қабыл Нұржігіт Жаңаөзен қаласының 55 жылдығына және "1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі" күніне орай бокстан кіші жасөспірімдер арасындағы қалалық ашық турнирде І және ІІ орындарды иеленді. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

1 мамыр мерекесінің іс-шаралар жоспарына сәйкес 2-ші сыныптар арасында "Татулық, бірлік, ынтымақ" тақырыбымен әр ұлттың билерінен сайыс өткізілді. Сайысқа 2-ші сынып оқушылары қатысып, орындармен марапатталды.

1 мамыр - Қазақстан халықтар достығы мерекесіне байланысты 1-ші "А" сынып жетекшісі Аманова Гүлжан сыныбымен "Ынтымақ - бірлік кепілі" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында мерекелік әндер,тақпақтар айтып, ұлттық билер билеп тәрбиелік мәні бар "Бірлік" көрінісі, "Шаңырақ" ойыны ойналып ,әр ұлттың тағамдары ,жасалу жолдары көрсетілді. Тәрбие сағаты өз деңгейінде жақсы өтті.

27.03 - 10.04 аралығында "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" республикалық акциясына байланысты мектеп инспекторы Алибеков Б.Д. оқушылармен жол ережесіне, қауіпсіздігіне бейнелі түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

"Менің жас досым!
Есіңізде болсын: ашық терезелер, балкон - сіздің денсаулығыңызға және тіпті өміріңізге қауіпті!

Мектебіміздің ардақты да аяулы ұстазы Анетбаева Тлектес Аткелтировнаға мерекеге орай ҚР Оқу ағарту министрінің құттықтау ашық хаты табысталды. Көктемнің осынау шырайлы мерекесі қызметіңізге табыс,жанұяңызға жақсылық әкелсін.

Ағымдағы жылғы 1 -ші сәуірден бастап 2023-2024 оқу жылына 1 -ші сыныпқа құжат қабылдау басталды!

19.04.23 15