Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес мектеп алды даярлық тобының мұғалімдері Атрауова А.Қ, Утегенова Г.Н, Илесова Л.О "Бір реттік ыдыстардың пайдасы мен зияны" тақырыбында шебер сынып өткізді. Шебер сыныпта бір реттік ыдыстардың зияны туралы айтып, пайдасы ретінде мектеп алды даярлық топтарының "Қоршаған орта", "Айналамен таныстыру", "Жапсыру" сабақтарына пайдалануға көрнекіліктер жасап көрсетті.



