Мектебімізде 1 қыркүйек - Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынды мектеп директоры Усенова Зауреш Орынбасарқызы ашып
мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-ші сынып оқушыларын, ұстаздарды, ата--аналарды құттықтады. Қалалық білім бөлімінің бала құқығы және тәрбие ісі секторының әдіскері Жақсылықова Жансая Маратқызыда өзінің жақсы тілегімен, жылы лебізін білдірді. Салтанатты жиыннан соң сыныптарда "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Білім саласындағы барлық ұстаздарды, оқушыларды
1 қыркүйек - Білім күнімен құттықтаймыз.



