Сіздерді бүгінгі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Баланың ең сенімді қорғанысы – дені сау, тату, берекелі отбасы. Балалар біздің үмітіміз, болашағымыз. Қуаныш пен шаттыққа толы балалық шақтан асқан сұлулық жоқ, оны солай

«Үздіктер шеруі - 2024»

20-21 шы мамыр күндері мектебімізде 4-ші сыныптардың "Бастауышпен қоштасу" ертеңгіліктері өтті.

Мектеп алды даярлық топтарының “Біріншіге барамын” ертеңгілігі өтті.

06.05.24 күні Қалалық орталық кітапхана маманы Калиева Гүлжанат Рахманқызы мен "Оқуға құштар" үйірме жетекшісі Анетбаева Тлектес Аткелтірқызы "Мәңгілік ерлік - ұрпаққа аманат" тақырыбында тарихи сағатын өткізді. Мақсаты: Жас ұрпаққа Ұлы Отан соғысы кезіндегі батырларымыздың жасаған ерлігі туралы түсінік беру. Оқушыларды патриоттыққа, елін сүюге тәрбиелеу.

Мектеп кітапханашылары Қапарбаева А, Шамгунова Ж кітапханада "Ұлы Жеңіс жасасын!" кітап көрмесін жасақтады.

1-ші "Ғ" сынып жетекшісі Қуанышова Бақыт сыныбымен 9 мамыр - Жеңіс күніне байланысты "Ұлы жеңіс жасасын" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

 

24.05.24 күні мектебіміздің "Оқуға құштарлық " үйірме жетекшісі: Анетбаева Тлектес Аткелтировна 2"Г", 3"А" сынып оқушыларына кітаптың құндылығы туралы түсінік беріп, жазғы демалыс күндерінде кітап оқуға шақырды

 24.05.2024ж 1-4 сыныптар арасында "Білімім-Отаныма" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

Тәрбие сағатын әнұранмен бастап, балалардың жыл бойы алған білім жетістіктеріне тоқталды.

Сонымен қатар, Отанға деген құрметін арттыру мақсатында патриоттық тақырыпта өлеңдер оқылды. Қазақстанның географиясына тоқталып, еліміздің маңызды да көрікті жерлері туралы ақпараттар мен бөлісіп, әңгіме аңыздардан үзінділер келтірілді.

441025711_1834045563782861_1625389408061834513_n.jpg