Бекітемін:                                                                                                Келісемін:

«№ 12 бастауыш мектеп» КММ                                           Білім саласындағы сапаны қамтамасыз                                директоры________Г.С Кадырова                                ету департаментінің басшысы _____Е.Өмірзақ

 

 

           Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№12 бастауыш мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік  аттестаттау кезіндегі көрсетілген қателіктерді жою бойынша  жоспары

 

                         Іс - шаралар

Жауапты

Мерзімі

1

Іс-шара жоспарын жасақтау,сайтқа жариялау.

 

 Мектеп әкімшілігі

31.10.2024 ж

  2

 2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдары бойынша мектепалды сыныпта тәрбиелеу, білім беру процесін ұйымдастыру үшін «Бағаланатын  оқу жылдарына  арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары, апта сайынғы циклограммаларды  ұсыну.

 Мектеп әкімшілігі

    20.11.2024 ж

  3

МАД тобы педагогтерінің негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санатты педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің педагогтердің жалпы санынан үлесін анықтайтын құжаттар, МАД тобы педагогтерінің білімі туралы дәлелді құжаттары,  МАД тобы мұғалімдерінің біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы құжаттары мектептің ресми сайтына жүктеу.

 Мектеп әкімшілігі

    20.11.2024 ж

  4

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы оқу жылының басында бір рет баланың оқу жылына арналған жеке даму картасы және диагностиканың (бастапқы, аралық, қорытынды бақылау) нәтижелері бойынша жеке даму картасы ресми сайтқа жүктеу,жариялау.

Мектеп әкімшілігі

    20.11.2024 ж

 5

МАД топтарының 2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдары бойынша әдістемелік ұсынымда берілген білім беру салалары бойынша біліктері мен дағдыларының дамуына бастапқы мониторинг қорытындысын ұсыну

Мектеп әкімшілігі

    20.11.2024 ж

  6

2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдары бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» біліктері мен дағдыларының дамуына қорытынды мониторинг ұсыну.  Қорытынды мониторинг нәтижелеріне талдау нәтижелерінің  хаттамасы  ұсыну және сайтқа жүктеу.

 

Мектеп әкімшілігі

   20.11.2024 ж

              Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бойынша

 

7

2022-2023 оқу жылының жұмыс оқу жоспары 1-сыныптарда "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" оқу жоспарын ұсыну.

Мектеп әкімшілігі

20.11.2024 ж

8

«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы 1-4-сыныптарда  «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсы «Дүниетану» оқу пәні шеңберінде 1-3-сыныптарда, 4-сыныптарда оқу жылының  жоспары ұсыну.

 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдарында  «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсы «Дүниетану» оқу пәні шеңберінде жоспарға ұсыну.

 2024-2025 оқу  жылдарына «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсы «Дүниетану» оқу пәні шеңберінде "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" бойынша сабақтар оқу жоспарына енгізу.

Мектеп әкімшілігі

20.11.2024 ж

9

«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы «Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда  сынып сағаттары есебінен іске асыру.

Мектеп әкімшілігі

20.11.2024 ж

10

1.2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдары бойынша педагог кадрлардың білімі туралы дәлелді құжаттары мектептің ресми сайтына жүктеу.

2.2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдарында педагогтердің біліктілік санатының  дәлелді құжаттары мектептің ресми сайтында ұсыну.

Мектеп әкімшілігі

20.11.2024 ж

11

1. «Оқу, көркем және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер» кестесі ұсыну.

2.Мектепте оқу кабинеттерінің санитарлық-гигиеналық нормаларға сайкестігі туралы  ресми сайтта құжаттарды ұсыну. Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасынан лицензия (алғашқы берілген күні) берілгендігі және лицензия қосымшасы ресми сайтта құжаттары ұсыну.

3.Санитарлық қағидаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің және санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тамақтандыру объектісі бойынша мәліметтер мен білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ететін  келісім шарт, тамақтану объектісінің санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкестігі туралы тексеру актісінің қорытындысын ұсыну.

4.Мектеп кабинеттері туралы мәліметтерді дәлелді құжаттары «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» мектептің  ресми сайтында және өзін-өзі бағалау қорытындысында толық ұсыну.

 - Білім беру ұйымында бастауыш сынып оқушыларына  арналған № 385 бұйрықпен бекітілген жеке пайдалану үшін жабдықталған шкафтар туралы мәліметтер мектептің ресми сайтында ұсыну.

 - Ауыз су бұрқақтарының білім беру ұйымында болуы туралы дәлелді құжаттары мектептің ресми сайтында және мектептің өзін-өзі бағалаудың қорытынды анықтамасын ұсыну.

 - Санитариялық нормаларға сәйкес санитариялық тораптардың (унитаздар, қолжуғыш раковиналар) болуы және мектептің бейнекамералар орнатылғандығы туралы мәліметтері мен дәлелді құжаттары  ұсынылмаған. Бейнебақылау жүйесі жұмысты автоматтандырылған режимде қамтамасыз ететін жедел басқару орталықтарының ақпараттық жүйелеріне қосылғандығы туралы  ресми сайтында  ұсыну.

5. 2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдары бойынша педагогтер мен басшы кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша мәліметтер мен дәлелді құжаттары ұсыну.

6."Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қағидаларын бекіту туралы ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін жағдайлар жасалғандығы (пандус, әжетхана, тактильді жолақшалар, шақырту тетігі) туралы  9-қосымшаға сәйкес дәлелді құжаттар мектептің ресми сайтында ұсыну.  

Мектеп әкімшілігі

20.11.2024 ж

12

Педагог және ата-аналар сауалнамаларының қорытындысы.

 

Мектеп әкімшілігі

20.11.2024 ж

13

2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдарындағы бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындыларын  ұсыну.

Мектеп әкімшілігі

20.11.2024 ж

14

Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мәліметін ұсыну.

Мектеп әкімшілігі

20.11.2024 ж