Ұстаз алдынан ел басқарған көсем де,сөз бастаған шешен де білім алады.Ұстаз еңбегі қызығынан гөрі қиындығы көп,талмайтын талапты қажет ететін мамандық.Әйтседе сол қиындыққа қарамай,жүрек қалауымен маман иесі атану үлкен ерлік.Сондай мамандықты өз таңдауларымен қалаған Джайлыбаева Нина мен Қоңқаева Базаргүл апайларда бүгінгі күні бірнеше шәкіртке білім беріп, зейнеткерлік жасынада келіпті.Біз үшін бүгін үлкен мереке.Қос ардагер ұстазымызды зейнеткерлік жасқа шығарып салу салтанатты шарасы өтті.



