Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің №12бастауыш мектеп КММ-де, 1 сәуірден бастап 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжат қабылдау басталады!

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 30 тамызға дейін жалғасады. Бұл-білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.

Өтінішті EGOV.KZ арқылы беруге болады.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • 052-2/у нысаны бойынша денсаулық паспорты;
  • 065/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (екпе картасы);
  • 3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы.
  • қажеттілігіне қарай ПМПК тұжырымдамасы (ерекше білімді қажет ететін балалар үшін).