02 ақпан 2024 оқу жылы күні мектебімізде «Бастау» мектепішілік математикалық турнирі өтті. Мектепішілік турнирге 2,3,4-сыныптар арасынан әр сыныптан бір оқушыдан қатысты. Берілген тапсырмалар логикалық тапсырмалр деңгейлеріне сай болды. Әр тапсырма 15-20 сұрақтан тұрды. Оқушыларға тапсырманы орындау ұзақтығы 60 минут берілді. Тапсырма баллдық жүйемен бағаланды. Комиссия мүшелеріне мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері тағайындалды.





