Алғыс – ізгіліктің белгісі, құрмет пен ризашылықтың көрінісі. Бүгін оқушыларыммен бірге әртүрлі мамандық иелерімен кездесіп, олардың еңбегінің маңыздылығын түсініп, алғысымызды білдірдік.

Дәрігерлер – өмір сақшылары, мұнайшылар – ел дамуының тірегі, еріктілер – қайырымдылықтың пен жақсылықтың жаршысы. Әр мамандықтың өз қиындығы мен жауапкершілігі бар, бірақ соған қарамастан олар адал еңбек етіп, қоғамға пайдасын тигізуде.

Адал еңбегімен ел игілігіне қызмет етіп жүрген әрбір жан құрметке лайық! Ыстық пен суыққа қарамай, талмай еңбек еткен баршаңызға шексіз алғыс! Еңбектеріңіз әрдайым бағаланып, құрметке бөлене беріңіздер! Адамдық пен адалдықты ұран еткен ерікті аға-апаларын көріп, балалар ерекше әсер алды.

Мені қуантқаны, балаларым білімді болумен бірге адамгершілік қасиетінің де адам баласы үшін алғашқы орындарда тұратынын сезінгені❤️

Қай салада қызмет етсеңіз де, еліңізге, халқыңызға пайдаңыз тиіп жатса – бұл ең үлкен бақыт. Өз ісін сүйіп, адал атқарып жүрген барша еңбек адамдарына МЫҢ АЛҒЫС!

Сіздердің еңбектеріңіз елеулі, алғысқа лайық!

#дәрігерлер

https://www.facebook.com/100015323051880/videos/3088888427930014/?__cft__[0]=AZXk_2iIIB-Hjt123qyzAeBkgpQ5AIOAxlwrZ7dovObk4EXongndoer93X-_ZrwBh5U4GfI7YA0xsBcBKQ3VBvCVrCKvicVw_X-S9Ci7l-bX5PvcVR1uUVuKp6_goGZuwU8ULygNd-yHi8e1wfiJk22j2a7LtInBM9dEQF4qbjZs7Q&__tn__=%2CO%2CP-R