05.12.2024 күні мектебіміздің спорт залында Тәлімгер Анесова Динара 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары,еңбекқұмар, білімге құштар , өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді , ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өткізді. Салтанатты жиынымыз Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Мектебіміздің тәлімгері Анесова Д.Е «Жас Ұлан» ұйымының мақсат, міндет, ережелерімен таныстырып өтті. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіміне төс белгілерін тағу мектебіміздің директоры Кадырова Гулден Сейсенқызы, ТЖО Такенова Аян, МЖО Бисенгалиева А , психолог Мендігалиева А, Тәлімгер Анесова Д қатысты . 4 «Б» сынып оқушысы Азаматұлы Диас салтанатты түрде ант берді.

3-4 сынып оқушылары арасында 60 оқушы «Жас Қыран» ұйымына қабылданды. Мектебіміздің директоры Кадырова Гулден Сейсенқызы оқушыларға жылы лебізін білдіріп «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларды құттықтады.

469965279_1994895747697841_8478212925324536485_n.jpg469967589_1994895797697836_7642079484953721490_n.jpg470150909_1994895851031164_3938824957311017538_n.jpg470176157_1994895757697840_6045390502090462305_n.jpg470195097_1994895817697834_1991120455092423986_n_1.jpg470202074_1994895791031170_2652070002310937520_n.jpg