2024 жылдың 30 қазан күні Маңғыстау облысы білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің “#12 бастауыш мектеп”КММ-де «Инновациялық технологиялар үлгілерін қолдану-білім сапасын арттырудың тиімді жолы”тақырыбында әдістемелік күн жоспарланды.

Әдістемелік күннің мақсаты: мектептің әдістемелік жұмысын жандандыру арқылы жаңа білім беру стандартының талаптарына сәйкес педагогтердің шығармашылық белсенділігін арттыру, кәсіби шеберлігін дамыту, тәжірибе алмасу, ой бөлісу, жас мамандарға қолдау көрсету.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіруде оның өзі жоспарлаған жеке жұмысын және білім жетілдіру мекемелерінде білімін көтеру жұмыстарын үйлестіріп ұйымдастыруды ескерудің , әр білім мекемесінің өзіндік озат тәжірибесін әдістемелік қызмет көрсету арқылы дамытудың маңызы зор.Мектебіміздің шебер, зерттеуші, сарапшы санатты педагогтеріміз өз іс тәжірибесімен бөлісу мақсатында,бағдарламада 4 бағыт бойынша секция жұмысы жүргізіліп, педагогтар әдістемелік қоржынын жаңа инновациялық әдістермен толықтырды.

Семинарда:

Утесинова Айгуль Оринбаевна-“Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі, математика, әдебиеттік оқу пәндерінің дәптерлеріне қойылатын талаптар және бағалау”.

Исаева Мейрамгул Турганбаевна “-Қысқа мерзімді жоспарды құрудың тиімділігі мен артықшылығы”.

Аманова Гулжан Джаумитбаевна-“Зерде-ғылыми ізденіс”.

Анетбаева Тлектес Аткелтировна- “Тиімді әдіс-тәсілдер-сапалы білім кепілі!” атты тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

465706383_1970299660157450_8421431597844392139_n.jpg465782557_1970299620157454_7579352185738492760_n_1.jpg465782557_1970299620157454_7579352185738492760_n.jpg