Республикалық Наурыз мерекесіне арналған онкүндік шеңберінде 18 наурыз – «Ұлттық киім» күні болып белгіленген.
Сондықтан, дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында мектебіміздің ұстаздары ұлттық нақышта киіну үрдісін дамытуға өз үлесін қосуда.



