1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Баланың ең сенімді қорғанысы – дені сау, тату, берекелі отбасы. Балалар біздің үмітіміз, болашағымыз. Қуаныш пен шаттыққа толы балалық шақтан асқан сұлулық жоқ, оны солай
ету – отбасының, қоғамның, мемлекеттің міндеті. Балаларды қорғау күнінің мақсаты – балалардың өмір сүруге, пікір бостандығына, білім алуға және қорғауға құқығы бар екенін еске салу. Бүгін мектебімізде 1 маусым-балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өтті. Балалардың көңіл-күйін көтерді. Бұл шараға өзіндік үлестерін қосып, демеуші болған жеке кәсіпкер Мұқашова Жанат Сарсенқызына алғысымызды білдіреміз! Жүргізуші Саржанова Гулбану.



