Ағымдағы жылдың 31 қаңтар күні Маңғыстау облысы білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің “#12 бастауыш мектеп”КММ-де оқу-тәрбие жоспары негізінде әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар ұйымдастырды.

Мақсаты- педагогтердің сабақ беру әдістемесін, білім сапасын арттыру үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді бақылау, оларға кәсіби шеберлігін шыңдауда әдістемелік қолдау көрсету.

Бұдан басқа, жаңашыл білім беруде үйден оқытылатын білім алушыларға қолдау жұмысы, педагогтер мен мамандардың білім беру практикасы мен технологиялары таныстырылды. Семинарда мұғалімдердің пікірлері тыңдалып, пән мұғалімдері инклюзивті білім берудің өзекті тақырыбы бойынша сындарлы кері байланыс жүргізді.

489922705 2089052434948838 4538560374350356682 n489991776 2089052564948825 1335807166044725447 n